Жұмыссыз жүрген адам алимент төлеуге міндетті ме?

Жұмыссыз жүрген адам алимент төлеуге міндетті ме?

Осыдан біраз бұрын менің ағам әйелімен заңды түрде ажырасты. Алайда қазір жұмыссыз жүр. Оның тұрақты жұмысы болмаса да, алимент төлеуге міндетті ме?

Диана

Бұл жағдайда ағаңызға алимент төлеуге тура келеді. Себебі Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi» туралы 2010 жылғы 2 сәуірінде қабылданған Заңның 99 бабында борышкердің жалақысы (айлығы) болмаған жағдайда алимент өндіру жағдайлары көрсетілген. Алайда сіздер алименттің мөлшерін сот арқылы ағаңыздың қиын материалдық жағдайын көрсете отырып өзгерте аласыз.
Қосымша сізге Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi» туралы 2010 жылғы 2 сәуірінде қабылданған Заңнан үзінділер ұсынамын:
99-бап. Борышкердiң жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi
1. Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда олар борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алынады, бұған осы Заңның 61-бабына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлiк кiрмейдi.
Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
2. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде тұрған өңiрдегi (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы) орташа айлық жалақы мөлшерi негiзге ала отырып айқындалады.
4. Борышкердiң алимент бойынша берешегi оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледi.
61-бап. Өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiк
Борышкерге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiктiң мына түрлерiне атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайды:
1. Yй жасауының заттары, керек-жарақтар:
1) аң терiсiнен тiгiлген және басқа да бағалы киiм-кешектер (eгep ең төмен күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз ету үшiн оны алмастыра алатын өзге де киiм-кешек бар болса), асхана сервиздерiн, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттарды қоспағанда, пайдаланылып жүрген киiм-кешек, аяқ киiм, iш киiм, төсек-орын жабдығы, ас үй және асхана керек-жарақтары;
2) борышкерге және оның отбасы мүшелерiне ең аз мөлшерде қажеттi жиhаз (әрбiр адамға бiр төсек пен бiр орындықтан, отбасына бiр үстел, бiр шкаф және бiр сандық);
3) балаларға арналған барлық жабдықтар.
2. Егер борышкердiң негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшiн жаңа астыққа дейiн қажеттi мөлшердегi тамақ өнiмдерi, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi мөлшердегi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тамақ өнiмдерi және жалпы сомасы ең төменгi жалақыдан аспайтын мөлшердегi ақша.
3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
4. Борышкер соттың үкiмiмен белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшiн пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердiң кәсiби қызметiн жалғастыруына қажеттi құрал-сайман (оның iшiнде оқу құралдары мен кiтаптар).
5. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арналған арнайы көлiк құралдары.
6. Борышкер марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.
Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiсiмен жасалған репо операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлiк осы репо операциялары жабылғаннан кейiн ғана өндiрiп алынуы мүмкiн.

Адина А, заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста