Жұмысқа тұру үшін қандай құжаттар талап етіледі?
Тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттіктің бір бөліміне жұмысқа орналасқым келеді. Ол үшін қандай құжаттар талап етіледі?
Мәди АЙТЖАНОВ, Астана қаласы
Аталған агенттік сайтындағы мәлімет бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, бос жұмыс орнынан үміткер кадр бөлімі қызметкеріне: 1) жеке куәлігі немесе төлқұжатын; 2) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіби дайындығының болуы туралы құжат; 4) еңбек жолын растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін); 5) әскери есепке тұру құжаты (әскери міндеттілер және әскери қызметке шақырылуы тиіс адамдар үшін); 6) алдын ала медициналық куәландырудан өткендігі туралы құжат; 7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке код берілгендігі туралы куәліктердің көшірмелері; 8) жеке параққа арналған құжаттық фотосурет.