Мен жоғары оқу орнында қаржы-заңгер мамандығы бойынша оқимын. Әскер қатарында болған жоқпын. Осы орайда менің білгім келгені, әскери билет болмағаны үшін оқу бітірген соң мені жұмысқа қабылдамауы мүмкін бе?
Ернат, Қарағанды облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 31 бабына сай, еңбек шартын жасау үшiн мынадай құжаттар:
1) жеке басының куәлiгi немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы туралы куәлiгi);
2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
3) тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұмысқа еңбек шартын жасасу кезiнде бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi немесе кәсiптiк даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшiн);
5) әскери есеп құжаты (әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшiн);
6) алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осындай куәландырудан өтуге мiндеттi адамдар үшiн);
7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктерінiң көшiрмелерi қажет.
Жұмысқа қабылданар кезде әскери билет қажет пе?
Последние статьи автора