Мен жекеменшік кәсіпорында жұмыс істеймін. Жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат. Еңбек кодексінде «апталық норма 40 сағат» деп анық көрсетілсе де, кәсіпорын басшылығы сенбі күні де 8 сағат жұмыс істетеді. Осы орайда менің білгім келгені, жұмыс уақыты апталық нормасының 8 сағатқа артық болуы заңда көрініс тапқан ба?
Байғали ӨТЕУҒАЛИЕВ, Ақтөбе облысы
Заңгер маманның айтуынша, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиiс.
Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиiс.
Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзiлiстер уақыты жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртiптемесi ережелерiмен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгiленедi. Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндері атқарылған жұмыс үшін белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленуі тиіс.
Өнер және мәдени демалыс кәсiптiк ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi, спортшылар, жаттықтырушылар үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.
Жұмыс уақытының артық 8 сағаты үшін ақы төлене ме?
Последние статьи автора