Мен ауысыммен қызмет атқаратын жұмысқа қабылдандым. Алайда еңбек шартында жұмыс уақыты мен тынығу уақыты нақты көрсетілмеген. Заң бойынша қалай болуы керек?
Бекжан БЕКТҰРҒАНОВ, Қызылорда облысы
Сарапшы мамандардың айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес, еңбек шартында басқа да міндетті мәліметтермен қатар, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі көрсетілуге тиіс. Яғни еңбек шартында жұмыс аптасының және жұмыс уақытының түрлері мен олардың ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, ауысымдық жиынтық жұмыс есебі қолданылатындығы, жұмыс күні (жұмыс ауысымы) барысындағы үзілістердің ұзақтығы, демалыс күндері, ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы мен беру тәртібі және кодексте белгіленген басқа да жағдайлар көрсетіледі. Бұл ретте кодекстің 96-бабының 5-тармағына сәйкес, үздіксіз өндірістерде не өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылдаған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі.
Жұмыс уақыты мен тынығу уақыты еңбек шартында нақты көрсетілуі керек пе?
Последние статьи автора