Қазақстанға көшіп келгеніме үш жыл болып қалды. Әлі жұмыссыз жүрмін. Үкіметтен қандай көмек бар? Жұмыс табу үшін қайда барамын?
Алтай Қырықбаев, Астана.
«Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. Бұл нысаналы топтарға оралмандар да кіреді. Жергілікті атқарушы органда еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілей алады. Бұл орайда тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган сізге жұмысқа орналасу үшін жәрдем көрсетеді. Лайықты жұмыс ұсыну мүмкін болмаған жағдайда сізге кәсіби оқуға, біліктілігіңізді жоғарылатуға, қайта даярлануға немесе қоғамдық жұмыстарға жолдама беріледі. Не болмаса, әлеуметтік жұмыс орны ұсынылуы тиіс.
Ал жұмыссыз ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар қажет: жеке куәлік, әлеуметтік жеке код куәлігі, еңбек қызметін растайтын құжаттар, салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Жұмыс іздеп жүрмін
Последние статьи автора