Мен жұмыс істемеймін. Қазір жүктіліктің 12-нші аптасындамын. Менің білгім келгені, маған жүктілік пен босануға байланысты берілетін бір реттік әлеуметтік төлем төлене ме?
Инабат, Оңтүстік Қазақстан облысы
1. Жүктілік пен босану бойынша демалыс жұмыс істейтін әйелдерге жүктіліктің 30-аптасынан бастап жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде беріледі. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі – ӘТжб) жүктілікке байланысты демалыс алған жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Оның мөлшері соңғы 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА) (осы кезеңде ӘА үзілісінің болуына тәуелсіз) негізінде есептеледі. Сонымен, егер сіз жүктіліктің 30-аптасында жұмыс істемейтін болсаңыз, онда Сізге ӘТжб тағайындау мүмкіндігі болмайды.
2. Айта кетерлік жайт – бала туылғаннан кейін сіз тиісті құжаттармен тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне келесі мемлекеттік жәрдемақыларды:
1) бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына орай – 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 51 930 теңгеге;
– төртінші және одан да көп баланың туылуына орай – 50 АЕК немесе 86 550 теңгеге тең бір реттік мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға;
2) бірінші балаға – 5,5 АЕК немесе 8 899 теңгеге;
– екінші балаға – 6,5 АЕК немесе 10 517 теңгеге;
– үшінші балаға – 7,5 АЕК немесе 12 135 теңгеге;
– төртінші балаға – 8,5 АЕК немесе 13 753 теңгеге тең бала күтіміне байланысты мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш білдіре аласыз.
2013 жылдың 1 қаңтарынан АЕК = 1 731 теңгені құрайды.
Жұмыс істемейтін жүкті әйелге қандай жәрдемақы тиесілі?
Последние статьи автора