Қазақстанға Ресейден жүк әкелу үшін қандай құжаттар қажет болады? Тауардың қай жақтан алынғанын қандай құжатпен дәлелдеймін? Қандай жүк қауіпті саналады?
Қанат Бүркітбаев, Қарағанды қаласы
Көлік компанияларының мәліметінше, Қазақстан аумағына жүк әкелу үшін тауарлы-көліктік жүкқұжат немесе халықаралық көлік жүкқұжаты талап етіледі. Бұл құжатта жүк, оның тиелген жері және жүк көлігі мен жүргізуші туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы құжат және мемлекеттік шекарадан өту талоны жүктің қай елден тасымалданғанын айғақтайды. Қауіпті жүк деп өрт, жарылыс, сәулелену және инфекцияның таралуын туғызатын, сондай-ақ адам денсаулығына нұқсан келтіретін тауарларды айтады.
Жүктің қандай құжаты болуы керек?
Последние статьи автора