«Жүктілік кезінде шаш қиюға болмайды» деп жатады. Мұның себебі неде? Оның іштегі балаға қандай зияны бар?
Айжан БЕКЕТАЕВА, Сәтбаев қаласы
Ертеден келе жатқан бұл ырымды ата-бабаларымыз баланың денсаулығына кері әсер ететінімен түсіндірген. Яғни жүктілік кезінде әйел шашын қидырса, іштегі баланың дамуына кері әсер етіп, соның нәтижесінде кемтар сәби дүниеге келуі мүмкін. Алайда уақыт өте келе бұл қағиданы ұстанушылар азайып кетті. Қазір болашақ аналардың басым бөлігі аяғы ауыр екеніне қарамастан, өзіне ұнайтын шаш үлгісін қойып, шаш бояуларымен бояп та жүргенін жиі кездестіреміз. Оған денсаулық сақтау мамандарының жүкті әйелдің организмінде болатын түрлі гармондық өзгерістер олардың шашының түсуіне себепкер болатындықтан, жүктілік кезінде, керісінше, шашты қысқартуға кеңес берулері ықпал етсе керек. Дегенмен мұндай кезеңде адам ағзасының барынша сезімтал болып келетінін ескерсек, шаш қиюда немесе бояғанда абай болғаныңыз жөн. Себебі шаш бояуларының құрамындағы химиялық қоспалар аллергия тудыруы әбден мүмкін.
Жүктілік кезінде шаш қиюға бола ма?
Последние статьи автора