Жүктілік демалыстан бұрын еңбек демалысына шығуға бола ма?

Менің жүктілік, босану демалысым мен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысым қатар келіп тұр. Еңбек демалысына шыққаннан кейін барып жүктілік демалысқа өтініш жаза аламын ба?
Айман СӘРСЕНҒАЛИ,
Алматы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйел­ге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған дема­лыс біткен соң, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Бұл ретте, еңбек демалысының ақысын есептеу кезінде қызметкердің орташа жала­қы­сы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел­тоқсандағы № 137 қаулысымен бекі­тіл­ген Орташа жалақыны есептеу­дің бірыңғай ережесіне орай, орташа күндік жалақыны жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі. Орташа күндік жалақы барлық жағ­дайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиі­сін­­ше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына бөлу жолымен анықталады. Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес ке­летін бес күндік немесе алты күн­дік жұмыс аптасының жұмыс күн­дері санына тиісінше бөлу жолы­мен анықталады. Кодекстің 114-ба­бына сәйкес, дема­лыс­ты беру, ауыс­тыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің актісімен ресімде­леді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста