Жүкті әйелдерге шоколад өте пайдалы

 Канададағы Лаваля университетінің ғалымдары шоколадты екіқабат әйелдер үшін пайдалы азық-түліктердің қатарына қосты. Мамандардың 12 апта жүргізген тәжірибесі бойынша шоколад жеу іштегі нәрестенің денсаулығын жақсартатыны белгілі болды.
Тәжірибеге жүктілік мерзімі алғашқы үш айдағы және екінші үш айға кеткен 129 әйел қатысты. Қатысушылардың бір тобы күнде құрамында какаосы жоғары 30 грамм шоколад жесе, екінші топ какаосы төмен шоколад жеген. Келіншектерге тәжірибе аяқталған соң Доплер ультрадыбыстық зерттеуін жасады. Оның көмегімен іштегі нәрестенің және бала жолдастың денсаулығы өлшенеді. Сонымен бірге ғалымдар әйелдерді босанғанға дейін бақылап жүрді. Шоколадты жеу болашақ ананың қан ағымын жақсартып, іштегі баланың дұрыс өсуіне оң әсер етуі ғалымдарды таңғалдырды.

«Шоколад құрамында болатын флавонидтер баланың денсаулығына айтарлықтай оң әсерін тигізді. Әсіресе ол қара шоколадта көп. Сондықтан да жүкті әйелдердің тағам рационына шоколадты қосуға болады. Ол іштегі нәрестенің денсаулығына әсер етіп қана қоймай, ісінуден, қан қысымының көтерілуінен сақтайды» , – деді дәрігер Эммануэль Бюжольд.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста