Жүк көліктерінің жолда жүруіне қанша салмаққа дейін рұқсат етіледі?
Қазір республикалық тас жолдарда жүк көліктеріне қатысты талап өзгеріп жатыр ғой. Менің «КамАЗ» жүк көлігім үш білікті, тіркемелері бар. Олар үшін жолда рұқсат етілген салмақ қанша болуы керек?
Николай, Астана
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мамандарының мәліметінше, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған көлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 19 ақпандағы №62 қаулысымен бекітілген. Белгіленген өлшемдер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автомобиль жолдарымен тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының салмақтары мен көлемдері жөніндегі келісіміне сәйкес. Бұл құжатқа сәйкес, үш білiктi тіркемесі бар үш білікті жүк автокөлігіне жолда салмақты 42 тоннадан асыруға болмайды. Толық мәліметті www.transportcontrol.gov.kz веб-сайтынан ала аласыз.