Жу санау қайдан келген?

Жу санау қайдан келген?

Бала кезімде марқұм атам Жу санап отырушы еді. Қыс қаһарына мінгенде «бүгін үшінші Жу басталды, қалың киініңдер» деп ескертетін. Осы Жу санау қайдан келген?
Арман Тынбасов,
Екібастұз
Қазақ халқы, негізі, Жу санамайды. Жу санау – біз­ге қытайлардан кірген есептік амал. Алғашқы Жу желтоқсанның 22-сі кірсе, соңғы Жу наурыздың 12-сі шығады.
Бір Жуда 9 күн бар. Наурызда жер көгеріп, тіршілік басталған тұста соңғы Жу шығады. 9 күннен тұратын 9 жу, суық кезеңнің 81 күнін сипаттайды. Ал қытай­лардың «и жу, ар жу бу шы жу, сан жу, сы жу дуң сы гу» деп мақалдатуы қаңтардың бірі мен он сегізі аралығын меңзейді. Яғни бірінші, екінші Жу қауіпті емес, үшінші, төр­тінші Жу жүгірген итті қатыратын кез деп айтады. Олар бұл кез түкірсең түкірігің жерге түспей қататын суық болады деп санайды. Ал қазақтар, жалпы, Жуды мүйіз, темір, киіз деп үшке ғана бөледі екен. Яғни мүйіз бен темір қаңтар мен ақпан айындағы суықты меңзесе, киіз ақпан­ның соңы мен нау­рыздың басындағы жылымық кезеңді көрсетеді. Жалпы, бұл Жу  санау еліміздің оңтүстік-шығысына тән. Елімізде алғаш Жу санау 1958-62 жылдар ара­лығында ата­мекеніне қоныс аударған қандас­та­рымызбен келген. Қазақтар арасында «Бесінші Жуда белің шеш», «Тоғызыншы Жуда тобықтай тоң қал­майды» деген мақалдар да бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста