ЖШС-нің жарғылық капиталын құру тәртібі қандай?
Бізде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) басты жарғылық капиталын құру тәртібі қандай?
Келбет, шымкенттік студент
ЖШС-нің жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының салымын біріктіру негізінде құрылады. Салымдар ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, сонымен қатар жер телімін пайдалануға және санаткерлік қызмет нәтижесіне деген құқық түрінде болады. Салым ретінде жеке мүліктік емес құқық пайдаланылмайды. ЖШС-ні тіркеткенге дейін құрылтайшылар белгіленген жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын енгізуі тиіс. Ал ортақ жиынның шешімімен бекітілген мерзімде ЖШС құруға қатысушылардың барлығы өз салымын толықтай өткізуі керек. Бұл мерзім, негізінен, ЖШС тіркелгеннен кейінгі бір жылдан ары аспауы қажет.
Мәселен, егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, онда оның жарғылық капиталы 100 теңгені құраса да болады.