ЖОО-лар қауымдастығының міндеті қандай?
Қазақстандық ЖОО-лар қауымдастығы қашан құрылған? Оның мақсат-міндеттері қандай?
Сәуле Орынтайқызы, Алматы облысы
Еліміздегі Жоғары оқу орындары қауымдастығы 2002 жылдың ақпан айында құрылған заңды тұлғалардың бейкоммерциялық ұйымы саналады. Қазіргі таңда қауымдастықтың құрамына еліміздің 86 пайыздан астам студенттері білім алатын, арнайы аккредитациядан өткен, әр деңгейдегі 80 жоғары оқу орны кіреді. Қауымдастық міндеті – әлемдегі дамыған елдердің білім беру деңгейіне жауап бере алатын отандық білім сапасын көтеру. Қауымдастық қазіргі уақытта көптеген бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде:
Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясын іске асыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуға араласу;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспа қызметіне берген лицензиясы негізінде оқу және оқу-әдістемелік оқулықтарды басып шығару және қайта басып шығару, шетел оқулықтарын мемлекеттік тілге аудару және басып шығару;
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананың мақсаты бірыңғай ақпараттық жүйеде республикадағы электрондық білім беру ресурстарын біріктіру;
Қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасын (ҚСАК) ҚР жоғары оқу орындарына ендіру сияқты жобаларға басымдық берілуде.