2009 жылдың мамыр айында жолдасым суға кетіп қайтыс болды. Арадан көп уақыт өтпей сәбилі болдым. Кішкентайым қазір алты айлық. Алайда маған асыраушысынан айырылуына байлынысты төленетін жәрдемақыны «жолдасыңыздың өлгендігі туралы анықтама болмаса, төлемейміз» дейді. Осы заңды ма?
Маржан Ермырзаева, Алматы облысы
Заңгердің айтуына қарағанда, өлгендігі туралы анықтама болмағандықтан, асыраушысынан айырылуына байлынысты төленетін жәрдемақының тағайындалмауы заңды. Сондықтан сіз жолдасыңыздың қайтыс болғандығы жайлы анықтама алуыңыз қажет. Ол анықтаманы мәйітті қараған дәрігер береді. Егер қандай да бір себептермен дәрігерлер бұл істен бейхабар қалған болса, онда ішкі істер бөлімінде жолдасыңыздың суға кетіп қайтыс болғандығы жайлы іс тіркелген болуы керек. Сондықтан мән-жайды ішкі істер бөлімінен анықтауыңызға болады.