Жобалық қаржыландыру дегеніміз не?

Жобалық қаржыландыру дегеніміз не?

Жобалық қаржыландыру мемлекеттің және жекеменшіктің әріптестігі негізінде құрылған компанияға ғана тән тетік пе?
Еркін,
кәсіпкер
Жобалық қаржыландыру – бұл бөлінген активтер деп ата­латын, жобаны іске асыру­дан түсетін болашақ жүйелі ақша ағымдары бойынша талап ету құқықтарын беру нә­ти­жесінде тартылған қаржы­ны өтеу және қайтарудың негізгі көзі болып табылатын ұзақ мерзімді жобаларды қар­жы­ландыру әдісі. Жобалық қаржыландыру келісімдерін іске асыру үшін заң бойынша жеке арнайы қаржы компаниясы құрылады. Банк жоба­лық қаржыландыру мәмілелерін ұйым­дас­ты­ру бойынша, атап айтқанда мемлекеттік-же­кеменшік әріптестік шеңберіндегі ірі ин­вестициялық жобаларды іске асыру бойынша қызмет көрсетуді ұсынады.
Жобалық қаржыландырудың үлгілік сызбасы мынандай:
1.ҚР Үкіметі мен жекеменшік ком­па­ния­лар басқа қаржы институттарымен бірлесіп ак­ционерлік қоғам түріндегі жобалық ком­па­ния құрады. ҚР заң­на­масында жобалық ком­панияның тиімді қызметі үшін белгілі бір же­ңілдіктер қарастырылған болуға тиіс (са­лықтық жеңілдіктер және т.б.). 2.Жобалық ком­пания қажетті жабдықты және т.б. жет­кі­зу үшін құ­рылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша тендер өт­кізеді. Жобалық компания тиісті келісімшарттар мен шарттар жасасады. 3.Жобалық компания ше­тел­дік банктер арасында қаржылық кеңесші және бүкіл жобаны қаржыландыруды ұйымдастырушыға тен­дер жариялайды, бұл ретте біздің еліміздің тара­пынан Қазақстан Даму банкі шығады. Жобалық ком­па­ния жобаны қаржыландыру үшін қарыз алуды ұйым­дастыруға мандат береді. 4.Жобалық ком­па­ния жоба бойынша құрылыс біткеннен кейін қызмет көр­сетуге түрлі әлеуетті тұтынушылармен шарттар жаса­сады. Жобалық компания көрсетілген қыз­меттен түскен түсімдер шоғырландырылатын және мін­­дет­темелерге қызмет көрсетілетін арнайы шот аша­ды.  5.Ше­телдік банктер ҚДБ-мен бірлесіп қарыз алуды: қамтамасыз етілген еурооблигацияларды, кредиттік желілерді, бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады. Жобалық компанияның шотына құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс­тарға тө­леу­ге және жабдық және т.б. тартылған қа­ра­­жат тү­седі. 6.Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ар­найы шотқа, тартылған қаражатқа қызмет көр­­се­туге жі­бе­рілетін қаражат қызметтерді тұ­ты­ну­шы­лар­дан түседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста