Зиянды жеміс-жидекті қалай ажыратуға болады?
Жеміс-жидектің нағыз пісер шағы жетті. Бірақ Қытайдан, басқа да шетелдерден келетін «өтірік» жеміс-жидектерді табиғи өнімнен ажырата алмай қалдық. Олардың дұрысын әрі денсаулыққа пайдалысын қалай таңдаймыз?
Алтынгүл РЫСҚАЛИҚЫЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы
«Химиялық» жеміс-жидекті табиғидан ажырату үшін оған қонған жәндіктерге мән беру керек. Шабдалы мен қара өрікке шыбын қонса, қорықпай ала беріңіз. Дегенмен кез келген жеміс-жидекті жемей тұрып, жақсылап жуыңыз.
Сонымен қатар жеміс-жидектің пісетін уақытын да білген жөн. Отандық жергілікті қарбыз, қауындар маусымда піспейді. Ол кезде шетелден, Өзбекстаннан келетін өнімдерді қолданасыз. Ал жергілікті қауын-қарбыздар шілденің аяғы, тамызда піседі. Өзіміздің өрік, құлпынай, қарақаттар да шілденің аяғына таман пісіп-жетіледі. Қазір жеміс-жидектердің нағыз пісіп жатқан кезі.
Қызанақты сатып алардан бұрын қолыңызға ұстап көріңіз. Табиғи қызанақ жұмсақ, шырынды әрі жағымды иісті болып келеді. Отандық томаттардың қып-қызыл, ал басқа жақтың өнімінің қызғылт-сары болуынан оны ұғуға болады.