Негізі, шашты жиі жууға болмайды дейді. Бірақ мен шашымды күнде жуып отырмасам, майланып шыға келеді. Не істеуім керек?
Гүлзира МАХАНОВА, Алматы қаласы
Шаштың жылдам майлануы оның химиялық құрамының бұзылуынан. Бұл әсіресе күз-қыс айларындағы суық пен баскиімнің әсерінен болады. Мұндай шашты бір шай қасық ас содасы немесе бор қосылған жылы сумен жуған дұрыс. Сонымен бірге басты аптасына екі-ақ рет жууға дағдылану керек. Егер бұл әдістер көмектеспесе, яғни шаш құрамындағы бөлшектердің жұмысы әбден бұзылған жағдайда бас терісін бес пайыздық бор қышқылы ерітіндісіне салынған мақта тампонымен ысқылап жуған жөн. Бор қышқылы табылмаса, оны лимон шырынымен алмастыруға болады. Ал халық медицинасы майлы шашты сусабын тигізбестен бұрын жарты сағаттай айран жағу керектігін ұсынады.
Жиі майланатын шашты қалай күткен жөн?
Последние статьи автора