Жиде гүлі иісінің ағзаға зияны бар ма?

Жиде гүлі иісінің ағзаға зияны бар ма?

Ақтауда жиде ағашы гүлдеп жатыр. Қазіргі уақытта оның иісі алыстан мұрын жарады. Менің білейін дегенім, жиде иісінің адам ағзасына зияны бар ма?
Елтай ҚОЖАХМЕТҰЛЫ,
Ақтау қаласы
Жиде немесе Elaeagnus – жиде тұқымдасына жататын мәңгі жасыл жа­пырақты ағаш. Негізінен, Жа­по­ния, Қытай және Оңтүстік Еу­ро­пада тараған 50-ге жуық түрі бел­гілі. Қазақстанда оның E.tur­co­ma­nіca, яғни түрікмен жидесі және E.oxy­carpa – үшкіржемісті жиде де­ген екі түрі өседі. Жиде еліміздің солтүстік өңірінен басқа аймақ­тар­дың барлығында кездеседі. Бұта­ла­ры тікенді, кезек орналасатын жа­пырақтары күміс түсті, ұзынша ке­леді. Гүлі қос жынысты ағаштың шірнесі және жемісі болады. Ол тұқымынан, тамыр өскінінен және тамыр түбінен көбейеді. Жемісі – сыр­ты ұнтақты жұмсақ қабықпен жа­былған қызғылттау жалған сү­йек. Ғалымдар жиде ағашын шөлді жерлерді көгалдандыруға, құм тоқ­татуға, өзен-арықтар жағасын бе­кі­туге пайдалануға болатынын ай­та­ды. Ағашы мен сүрегі құрылыс ма­териалы болса, жемісі меди­ци­на­лық препарат ретінде қол­да­ны­лады, құстарға жақсы азық болады. Жа­пырағы мен қабығында бояулық заттар бар. Сабағынан алынатын са­ғызды заттан лак және бояу өн­ді­ріледі. Жиде ағашы гүлдеген кезде бө­лінетін иістің адам ағзасына зия­ны жоқ. Керісінше, халық арасында бұл ағаш адамға күш-қуат береді де­ген сенім қалыптасқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста