Жетісу казак әскерінің саны қанша болды?
Екінші Александр патшаның жарлығымен құрылған Жетісу казак әскерінің әскери қауқары қандай болды?
Теміржан, Орал
1867 жылғы 13 шілдеде ІІ Александр патшаның жарлығымен Жетісу казак әскері құрылды. Оның міндеттеріне отарлануға тиіс аймақтарды Ресей құрамына біртұтас кіргізу, басып алған сол жерлердегі шекараны қорғау, форпос, бекінісін салу жұмыстары кірді. Жаңа әскер штатында 600 адамнан тұратын екі атты полкты қоса есептегенде, барлығы 1768 адам болды.
1867 жылдың 27 қазанында Жетісу облысы құрылды. Оның әскери губернаторы және Жетісу казак әскерлерінің атаманы болып осы аймақты отарлаудағы, сондай-ақ мұндағы казактар қоғамын құрудағы ерекше еңбегі үшін «Үлкен Алматы станицасының құрметті ақсақалы» генерал-майор Г.А.Колпаковский тағайындалды (Сауалға тарихшы Тілеу Көлбаев жауап берді).