Жетім балаға керек жеті анықтама
Ата-анасынан айырылған балаларға тиісті жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар керек және бұл іспен қай орган айналысады?
Сағат Сындарбеков, Қызылорда облысы
Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға жәрдемақы олардың заңды өкiлiне, яғни асырап алушысына тағайындалып, төленедi.
Бұл жәрдемақыға құқығы бар азаматтар талап етілген құжаттарымен қоса, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына өтініш берулері қажет.
Жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін құжаттар тізімі төмендегідей:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi өкiлеттi ұйымдағы банктiк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;
4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiгінiң көшiрмесi;
5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi;
6) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) 18 бен 23 жас аралығындағы балаларға күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы.