Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге орталықтан берілетін біржолғы төлемақыны алуға кім құқылы? Оның мөлшері қанша? Төлемақыны зейнеткер қайтыс болған соң қанша уақыт ішінде алуға болады?
Әмірхан ЕСДӘУЛЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы №136 Заңының 8-бабы, 2-3 тармағына сәйкес:
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы, соның iшiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем орталықтан 15 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
2. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған, орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға орталықтан 35 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №819 Қаулысы бойынша, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) жерлеудi жүзеге асырған адамның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi не жерлеудi жүзеге асырған заңды тұлға лицензиясының «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен расталған көшiрмесi;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары берген сақтандыру анықтамасы;
3) өлiм туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
Төлемақыға өтініш беру мерзімі үш жылдан аспауы тиіс.
Жерлеуге берілетін біржолғы төлемақы мөлшері қанша?
Последние статьи автора