Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибелері қандай?

Биыл жергілікті өзін-өзі басқаруға біраз өзгеріс енгізілді. Шетелде жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесі қандай?
Маржан,
Алматы облысы
Батыс елдері тәжірибелерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың үш негізгі типін бөліп көрсетеді: англосаксондық тип (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия т.б); француздық тип немесе континенталды (Франция, Италия, Бельгия, Испания, Латын Аме­рикасы, Таяу Шығыстың бірқатар елдері); аралас тип (Жапония, Гер­мания). Англосаксондық жергілікті органдардың терең автономиясы мен және олардан жоғары тұрған органдарға, орталыққа тікелей бағынудың жоқтығымен сипатталады.
Англосаксондық елдерде жергілікті органдар қызметіне бақылау жасау жанама жолмен жүзеге асады: орталық министрлік, сонымен қатар сот арқылы. Француздық немесе континенталдық жергілікті өзін-өзі басқару типі, ең алдымен, орталық биліктің жергілікті орган­дардың үстінен әкімшілік бақылаудың дамыған жүйесімен ерек­шеленеді. Бұл тип иерерхиялық пирамиданы еске түсіреді, мұнда әртүрлі директивалар мен ақпараттар жоғарыдан төменге беріледі, яғни орталықтан территорияға, мұнда орталық биліктен жергілікті жерлердегі агенттік ұйымдар жүйесі белсенді жұмыс істейді. Орталық биліктің қолында процедуралар, қаражаттар мен әдістердің үлкен гаммасы бар (жою, мақұлдау, уақытша тоқтату, орнын толтыру, пікір шеттету, жіберу), олар тек бір мақсатты көздейді – өздеріне жергілікті қоғамдастық қызметті бағынышты ету. Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірқатар елдерде (ГФР, Жапония, Австралия) англосаксондық және француздық модельге ұқсас, бұл жерлерде басқарудың «аралас» түрі жайлы айтуға мүмкіндік береді. ГФР-да жергілікті басқарудың тер­риториялық органдары біртекті мемлекеттің орталықсыздан­дырылған бөлшегі болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста