Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибелері қандай?
Биыл жергілікті өзін-өзі басқаруға біраз өзгеріс енгізілді. Шетелде жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесі қандай?
Маржан, Алматы облысы
Батыс елдері тәжірибелерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың үш негізгі типін бөліп көрсетеді: англосаксондық тип (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия т.б); француздық тип немесе континенталды (Франция, Италия, Бельгия, Испания, Латын Америкасы, Таяу Шығыстың бірқатар елдері); аралас тип (Жапония, Германия). Англосаксондық жергілікті органдардың терең автономиясы мен және олардан жоғары тұрған органдарға, орталыққа тікелей бағынудың жоқтығымен сипатталады.
Англосаксондық елдерде жергілікті органдар қызметіне бақылау жасау жанама жолмен жүзеге асады: орталық министрлік, сонымен қатар сот арқылы. Француздық немесе континенталдық жергілікті өзін-өзі басқару типі, ең алдымен, орталық биліктің жергілікті органдардың үстінен әкімшілік бақылаудың дамыған жүйесімен ерекшеленеді. Бұл тип иерерхиялық пирамиданы еске түсіреді, мұнда әртүрлі директивалар мен ақпараттар жоғарыдан төменге беріледі, яғни орталықтан территорияға, мұнда орталық биліктен жергілікті жерлердегі агенттік ұйымдар жүйесі белсенді жұмыс істейді. Орталық биліктің қолында процедуралар, қаражаттар мен әдістердің үлкен гаммасы бар (жою, мақұлдау, уақытша тоқтату, орнын толтыру, пікір шеттету, жіберу), олар тек бір мақсатты көздейді – өздеріне жергілікті қоғамдастық қызметті бағынышты ету. Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірқатар елдерде (ГФР, Жапония, Австралия) англосаксондық және француздық модельге ұқсас, бұл жерлерде басқарудың «аралас» түрі жайлы айтуға мүмкіндік береді. ГФР-да жергілікті басқарудың территориялық органдары біртекті мемлекеттің орталықсыздандырылған бөлшегі болып табылады.