Жерді уақытша пайдалану мерзімі қанша жылға беріледі?
– Жерді уақытша пайдалану құқығын беру және пайдалану құқығынан айыру мәселесі қалай жүзеге асырылады? Жалпы, осы жайлы ақпарат берсеңіздер. Жерді уақытша пайдалану мерзімі қанша жылға беріледі?
Әлия ТҰРСЫНҒАЗЫ, Атырау қаласы
Уақытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімге жер иеленгіңіз келсе, 5 жылға дейін, ұзақ мерзімге 5 жылдан 49 жылға дейін алуға болады. Жер пайдалану құқығы жердің нысаналы мақсаты ескеріле отырып тағайындалады. Яғни мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз жерді уақытша пайдалану шартының негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар бұл мәселе мирасқорлық тәртібімен де (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) шешуге болады. Ал жер пайдалану құқығынан айыру мәселесі азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау т.б.) негізінде жүзеге асырылады.