Менің білгім келетіні, өзге елден жер сатып алуға құмар елдердің қатарына кімдер кіреді?
Нұрлан, Алматы
Әлемде жер сатып алу мен жалға алудан көш бастап тұрған ел – Үндістан. Соңғы он жыл барысында ол 13,4 млн акр территорияны жалдаған екен. Бір ғана үндістандық Tata компаниясы Индонезиядан 5 млн акр жер алып, өз қажеттілігіне пайдаланып отырған. Бұл тізімде екінші болып Қытай тұр. Ол соңғы он жыл барысында 13 млн акр жерді жалға алды. АҚШ мемлекеті 2002 жылдан бері 10 миллион акр, яғни 4 млн 136 мың гектар жер алды. АҚШ та Үндістан секілді Индонезиядан көп жер алған. Алғашқы бестікті Малайзия мен Ұлыбритания қорытындылайды. Олар шаруашылыққа және басқа да түрлі мақсаттармен 7-8 млн акр жерден жалдаған. Өзге елдерден жер жалдаушы халықтардың арасында алғашқы ондыққа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Италия, Израиль, Біріккен Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы кіреді.
Жер жалдаушы елдердің ондығы
Последние статьи автора