Жеке куәлік алған кезде әкемнің атының бір әрпін қате жазып жіберіпті. Әкемнің аты –Абилхан. Ал жеке куәлікте Абилкан деп жазыпты. Сол кезде қате екенін айтып едім, «кейін келіп, қайта құжат тапсырасыз» деп қайтарды. Кейін барғанымда туған жерімнен анықтама әкелуімді сұрады. Бірақ онымен мәселе шешілмеді. Осы орайда менің білгім келгені, енді жеке куәліктегі қателікті түзету үшін не істеуім керек?
Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны
Бұл сұраққа жауап алу үшін Алматы қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) анықтама бөліміне хабарласқанымызда, ондағы мамандар «бұл біздің өкілеттігімізге кірмейді, миграциалық полициядан білесіз» деп жауап берді. Біз Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша ХҚКО-ға барып, миграциялық полиция өкіліне жолықтық.
Миграциялық полиция өкілі:
– Егер қате жеке куәлікті толтыру кезінде кетіп, жеке куәліктегі жазба туу туралы куәліктегі жазбаға сәйкес болмаса, онда қателікті жойып, қайта жеке куәлік беріледі. Мұндай жағдайда ешқандай құжат талап етілмейді.Егер қателік әу баста туу туралы куәлікте кеткен болса, онда алдымен туу туралы куәлікті ауыстыру керек болады. Толық мағлұматты тек жергілікті миграциалық полиция бөлімінен алуға болады.
Жеке куәліктегі қатені қалай түзетуге болады?
Последние статьи автора