Жеке кәсіпкерлік еңбек өтіліне кіре ме?
Біздің мекеме – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жеке кәсіпкерлер серіктестікпен келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Олардың осы келісімшартпен жұмыс істеген уакыттары еңбек кітапшасына жазыла ма? Егер жазылса, ол еңбек өтіліне (стажына) кіре ме? Мейіржан ӘДІЛОВ, Ақмола облысы
Сарапшы мамандардың айтуынша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 149 бұйрығымен бекітілген «Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау» ережесіне сәйкес, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау туралы жазбалар қызметкермен жасалған еңбек шарты негізінде енгізіледі. Осы орайда жеке кәсіпкерлермен жасалатын азаматтық-құқықтық нысандағы шарттар бойынша еңбек кітапшасына мәліметтер енгізілмейді және жеке кәсіпкерлікпен айналысу жылдары еңбек өтіліне (стажына) кірмейді.