Мен жалғызбасты зейнеткермін. Зейнетақым аз болғандықтан, ауыл әкімдігінде күзетші болып жұмыс істеймін. Бірақ менің орныма үш жетім баланы асырап отырған бір ауыл азаматы таласып, үстімнен шағым жазып жүр. Ол: «Сен зейнетақы алып отырсың, сондықтан жұмыс орнын босатуың керек, мен үш жетімді асырап отырмын», – дейді. Осы орайда менің білгім келгені, менің зейнеткер екенімді алға тартып, мені жұмыстан босатуы мүмкін бе? Мен зейнетақы алсам, ол үш балаға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алып отыр ғой.
Ақтолқын КУСЕГЕНОВА
Заңгер маманның айтуына қарағанда, қызметкердің зейнет жасында екендігі оның жұмыстан босатуға негіз бола алмайды. Алайда жұмыс беруші қызметкермен арадағы еңбек келісімшартының мерзімі аяқталған соң, одан әрі еңбек келісімшартын ұзартпауға құқылы. Бірақ мұндай жағдайда жұмыс беруші қызметкермен арадағы келісімшарттың тоқтатылатыны туралы жазбаша түрде бір ай бұрын ескертуі шарт.
Сондықтан сіздің жағдайыңызда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімі аяқталмай тұрып сізді жұмыстан босататын болса, онда еңбек құқығыңыз бұзылғаны туралы тұрғылықты жайыңыз бойынша еңбек инспекциясына немесе сотқа жүгінуіңізге болады.
Зейнеткер жұмыс істеуге құқылы ма?
Последние статьи автора