Қандай жағдайларда зейнет жасына жетпей тұрып зейнетақы жинақтау қорындағы ақшаны алуға болады?
Бақытбек ТАУАСҚАНОВ, Ақмола облысы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 23-бабына сәйкес:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда; (Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар Қазақстан Республикасы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес:
еркектер – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда, 50 жасқа жеткенде;
әйелдер – жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда, 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы);
2) 55 жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болғанда;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердiң;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың (әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың);
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
Зейнетақы қорындағы ақшаны зейнет жасына жетпей алуға бола ма?
Последние статьи автора