Жазушы Немат Келімбетов туралы білгім келеді

Белгілі ғалым, жазушы Немат Келімбетовтің қысқаша өмірбаянын білгім келеді.
Арайлым Нұрланқызы,
Алматы облысы
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Гумани­тарлық ғылымдар академия­сының академигі, Күлтегін атындағы сый­лық­тың иегері Нeмaт Келімбетов 1937 жылы 4 сәуірде Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жаңа­жол қаласында туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының (қазіргі Сарыағаш ауданы) Абай селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. Ташкент қаржы-экономика институтын, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (сырттай оқу бөлімін) журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. 1959-1960 ж.ж. – Қос­танай облысының мем­лекеттік банкінде экономист-инспектор, 1960-1962 ж.ж. – Оңтүстік Қа­зақ­стан облы­сының Келес және Сары­ағаш аудан­дық газеттерінде әдеби қызметкер. 1962-1965 ж.ж. – Қазақ ССР Ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызмет­кер, 1965-1970 ж.ж. – «Социалистік Қазақстан» (қа­зір­гі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қыз­меткер, 1970-1973 ж.ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде референт, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет­шілік салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комис­сияның жауапты хатшысы болып қызмет істеген. Кейін «Қазақ­стан» баспасында редактор, Абай атындағы Алматы мемлекеттік универ­ситетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор, Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің қазақ тілі кафедрасында профессор ретінде бірнеше буын шәкірттерін тәр­биелеген.
«Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Қазақ әдебиеті бастаулары», «Көркемдік дәстүр жалғастығы», «Ежелгі әдеби жәдігер­ліктер» сынды терең әдеби-зерттеу кітап­та­ры­ның авторы. Осыдан екі жыл бұрын бақи­лық болған көрнекті ғалымның биыл 75 жыл­дығы аталып өтуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста