Қазір «жасыл белдеу» деген сөзді жиі естимін. Жасыл белдеу дегеніміз не? Оның «Жасыл ел» жастар жасағына қатысы бар ма? «Жасыл белдеудің» көлемі қаншаға ұлғаймақ?
Айнұр БЕГАЛЫ, Алматы қаласы
«Жасыл белдеу» – аймақтарды көгалдандыру, орман алқабын құру мақсатында қолға алынған бағыт. Күрт құбылмалы климатты далада ауқымды қолдан жасалған орман алқабын құру үлгісі әлемде бұған дейін болмаған құбылыс. Әйтсе де бірінші болып мұны Қазақстан қолға алып отыр. Осы жасыл белдеуге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары Астана маңына егілген жасыл желектің аумағы 45 мыңнан астам гектарды құрағанын атап өтті. Жасыл алқап бүгінде елорданың табиғи тынысына айналып отыр.
Президент сондай-ақ қалада бес мың гектар алаңға жыл сайын ағаш егу жұмыстары жүзеге асатынын хабарлады. Тұтастай алғанда, 2015 жылға дейін оның аумағы 75 мың гектарға жетеді. Бүгінде қала ішін көгалдандыру бойынша да көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Елордада Есіл өзенінің екі жақ жағалауы бойында аумағы 230 гектарды құрайтын ірі саябақ салынуда. Астанадағы осы оң қадамдар еліміздің барлық облыс орталықтары мен қалалары үшін үлгі аларлық іс болып табылады. «Бүкіл қалалардың айналасында осындай «жасыл белдеулер» құрылуы тиіс» дейді құзырлы тараптағылар...