Жасұлан Молдақараев – Бірінші лиганың үздік футболшысы

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының үздіктері анықталды деп естідім. Үздік футболшы кім болды екен?
Марғұлан ЖҮСІП,
Қызылорда қаласы
Бірінші лиганың бас бапкерлері арасын­да сауалнама жүргізген Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылғы Бірін­ші лиганың барлық лауреаттарын жарияла­ды.
Үздіктер тоғыз аталым бойынша анық­талды. Бір қызығы, бәрі де – «Қайсар» футбол­шылары. Ол түсінікті де. Биыл Қызылорданың командасы Бірінші лигада қарсылас шақ келтірмей, Премьер-лигаға бірінші орынмен жолдама алған. Ал коман­даның шабуылшысы Жасұлан Молдақараев бірден үш аталымды жеңіп алды. Биылғы біріншілікте 28 голмен көзге түсіп, сұрмер­гендер додасындағы басты бәсекелесі «қызылжарлық» Александр Згурадан 12 гол артық соққан Жасұлан үздік сұрмергеннен бөлек, біріншіліктің үздік шабуылшысы және үздік ойыншысы атанды. 

Бірінші лиганың үздіктері:
Үздік қақпашы: Кирилл Прядкин («Қайсар» Қызылорда)
Үздік қорғаушы: Серік Сағындықов («Қайсар» Қызылорда)
Үздік жартылай қорғаушы: Борут Семлер («Қайсар» Қызылорда)   
Үздік шабуылшы: Жасұлан Молдақа­раев («Қайсар» Қызылорда)
Үздік легионер: Борут Семлер  («Қай­сар» Қызылорда)                                        
Үздік жас футболшы (1994 жылға дейінгілер): Магамед Узденов («Қайсар» Қызылорда)
Үздік бапкер: Сергей Волгин  («Қайсар» Қызылорда)       
Үздік сұрмерген: Жасұлан Молдақа­раев («Қайсар» Қызылорда)  
Үздік футболшысы: Жасұлан Молда­қа­­раев («Қайсар» Қызылорда)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста