Жасөспірімдермен еңбек шартын жасауға бола ма?
Мәдениет саласындағы жұмысқа жасөспірімдерді қабылдаған кезде олармен еңбек келісімшартын жасасу міндетті ме? Еңбек келісімшартын жасау үшін баланың жасы нешеде болуы керек?
Асаубек Серғазин, Жамбыл облысы
ҚР Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес, кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін белгіленген талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Сонымен бірге орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда 15 жасқа толған азаматтармен, сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен еңбек шартын жасасуға болады.