«Жас тұлпар» жайлы кітаптың авторы кім?

Кезінде қазақтың ұлтшыл жастары құрған «Жас тұлпар» қоз­ға­лысы туралы кітап шыққаны жайлы естіп едім. Кітапта қандай оқи­ға­лар қамтылған және оның авторы кім?
Болат АСҚАРҰЛЫ,
Алматы облысы
«Жас тұлпар» – ел тарихында ай­ту­лы ор­ны бар, қазақ жастарының құр­­­ған қоз­ға­лысы. Жуырда, осы қоз­­ға­лыс тари­хы­нан сыр шерткен «Жас тұлпар дүбірі» атты кі­тап «Асыл сөз» бас­па­сынан жарық көр­ді.
Онда ХХ ғасырдың 60-70 жыл­да­рын­дағы жастардың Қазақ­стан­ның тә­уел­сіз­дігі үшін күресінің қалай өрбі­ген­дігі баян­далады. Де­ректі туынды­ның ав­торы – Әміржан Әл­пейісов.
Қазақпарат мәліметтеріне сү­йен­сек, жинақта Алаш зиялыларының соң­ғы көзі Мұхтар Әуезовтің тарихи орнына ерекше көңіл бөлінген. Өйт­кені ұлы жазушының тарихи-көркем шы­ғармалары, әсіресе «Қилы за­ман» по­весі жастарға үлкен ой сал­ған еді. «Жас тұлпар» қозға­лы­сының идея­лық ал­ғы­шарт­тарын, Алаш идея­­сының нәрін М.Әуезов ұлы Мұ­ратқа 1961 жыл­дың шіл­десінде өзі дү­ниеден өт­кенге де­йін бе­ріп үл­гер­ді. Ұлттық мүд­де, бола­шақ ұр­пақ қа­мы болатын ой-ар­ман Мәс­кеу, Ле­нинград және басқа Ресей қа­ла­ла­рында оқитын қазақ жастарының басын бі­ріктірді. Олар жас болса да ұлт тағдыры үшін өзде­рінің жауап­кер­ші­ліктерін сезіне білді.
Қазақ халқының ұлттық, саяси са­на­сын қалыптастырудағы ең биік белес бол­ған Алаш қозғалысы де­сек, 40 жыл­­дан соң сол ұлы арманды хал­­қына жет­­к­ізуге талпынған «Жас тұл­пар» ұйы­мы бол­ды. Шы­ғармада елі­нің ер­теңіне елең­деген жас­тар қоз­­ға­лысы мү­шелерінің осы ба­ғыт­тағы батыл қа­дам­дары жан-жақты көр­­сетілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста