Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры жанынан құрылған жас ғалымдар кеңесінің мақсаттары мен міндеттері қандай?
Мәдина Кәрібаева, Ақмола облысы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған, қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, зерттеу мекемелерімен әрекеттесіп жұмыс жасауға бағытталған, мемлекеттің өзекті сұрақтарына арналған ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа байланысты ұсыныстарды жүзеге асыратын орын болып табылады.
Жас ғалымдар кеңесіне физиктер, математиктер, химиктер, философтар, экономистер, филологтар, кеншілер кіреді. Барлығы – 25 адам, аймақтардан – бес адам.
Кеңестің негізгі мақсаты және міндеттері:
– Қазақстан Республикасының болашағын жобалау үдерісіндегі жас ғалымдардың басты ұстанымдарын қолдау және дамыту;
– қазақстандық жас ғалымдардың жеткен жетістіктерін насихаттау, олардың еңбектерін нарықтық қарым-қатынаста қолдануды арттыру;
– ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру;
– жас ғалымдардың қатысуымен республикалық және аймақтық деңгейдегі ғылыми шаралар өткізу;
– ғылыми мектептерді сақтау және дамыту, ғылыми ұрпақтың сабақтастығы, Қазақстан Республикасының зиялылық әлеуетін өсіру;
– шетелдерде жұмыс жасайтын қазақстандық талантты жас ғалымдарды қолдау және елге тарту барысында жүйелік жұмыстар жүргізу.
Жас ғалымдар кеңесінің міндеттері қандай?
Последние статьи автора