Зәрді кейде ем ретінде қолданады. Мұны медицинада уринотерапия деп атайды. Әсіресе зәрді ісік, жараны жазуға пайдаланады. Дегенмен исламда нәжіс сияқты зәр де харам дүниеге жатады. Олай болса, зәрмен емдеуге біздің дініміз қалай қарайды?
Әділ САМАТҰЛЫ, Алматы қаласы
Дін мамандарының айтуынша, Алла тағала мың кесел жаратқан болса, оның емін мың бір етіп артығымен жаратқаны туралы хадис бар. Сондықтан зәрмен емделудің өзі дұрыс емес. Себебі мұсылман ғибадаттарының барлығы дәрет алып, нәжістен тазаланып барып жасалады. Ауырған адам да ауруына шипа тілеп, Алла тағаладан жазылып кетуі үшін дұға жасап, тілек тілейді. Ал Алла тағалаға арнап дұға жасау үшін дәретіңіз болуы тиіс. Ал сіз зәр ішіп алсаңыз, онда дәретіңіз бұзылады. Алла тағала үзірлі жағдайда ғана харамды халал ете алады. Егер дәрігерлер зәр ішпесе өлетінін айтпаса, лажының барынша емделудің басқа жолын таңдағаны дұрыс.
Зәрмен емдеуге дініміз қарсы
Последние статьи автора