Жәрдемақы үшін құжаттарды кешіктіріп тапсыруға бола ма?

Жәрдемақы үшін құжаттарды кешіктіріп тапсыруға бола ма?

Әйелімнің жеке куәлігі жоғалуына байланысты жаңа туылған нәрестеміздің туу туралы куәлігін уақытында жасата алмадық. Енді бір жасқа толғанда туу туралы куәлігін алсақ дейміз. Осы куәлікті алған соң, балаға тиесілі жәрдемақыға құжат тапсырмақ едік. Жаңа туылған балаға тиесілі жәрдемақыны құжатты кешіктіріп тапсыруға бола ма?
Сапар БАЙЖҰМА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы­на сәйкес, мемлекеттік бюджет есе­бінен берілетін баланың туылуына орай бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай са­йын­ғы жәрдемақыны тағайындауға өті­ніш баланың туылған күнінен бастап, 12 ай ішінде қабылданады. Сіздің жағ­да­йыңызда, балаңыз бір жасқа толғанға дейін ғана жәрдемақылар тағайындауға өтініш білдіре аласыз. Жәрдемақылар та­ғайындауға қажет құжаттардың қата­рын­да баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі не тууы туралы акт жазбасы­ның көшірмесі  бар. Егер жаңа туған ба­ла­ңыздың туу туралы куәлігі болмаса, онда тіркеу орындарынан баланың туу туралы акт жазбасының көшірмесін ұсы­нуы­ңызға болады. Заңға сәйкес, бала­ның туылуына орай бір реттік мемлекеттік жәрдемақының көлемі:  бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына – 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); төртінші және одан көп баланың туылуына – 50 АЕК. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі: бірінші балаға – 5,5 АЕК; екінші балаға – 6,5 АЕК;  үшінші балаға – 7,5 АЕК;  төртінші және одан көп балаға – 8,5 АЕК; 2010 жылы 1 АЕК мөлшері 1 413 теңгені; 2011 жылы 1 АЕК мөлшері 1618 теңгені құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста