Жарамсыздық парағы бойынша төленетін ақы қалай есептеледі?

Жарамсыздық парағы бойынша төленетін ақы қалай есептеледі?

Науқастанып бір ай ауруханада жаттым. Ауырғаныма байланысты еңбекке жарамсыздық парағын алып, жұмыс орнына тапсырдым. Сырттай естігенім, мұндай жағдайда жалақы 50 пайыз төленеді дейді. Осы орайда менің білгім келгені, еңбекке жарамсыздық парақшасы бойынша төленетін ақы қалай есептеледі?
Мырзабек ЕСЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы тө­леу басқармасы сарапшысының мә­лі­­ме­тінше, әлеуметтік жәрдемақы та­ға­йындау тәр­тібі және төлеу, сондай-ақ оның мөл­шерін айқындау Қазақстан Рес­­публикасы Үкі­метінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  № 1339 қау­лы­сы­мен бекітілген ережеге сәйкес айқын­да­­лады (бұдан әрі – Ереже).
Ереженің 5-тармағына сәйкес, жәр­­дем­­ақы еңбекке қабілетсіздігінің ал­ғаш­қы кү­нінен бастап еңбекке қа­бі­леті қал­пына кел­ген күнге дейін немесе мү­ге­дектігін бел­гілегенге дейін жұмыс іс­­тей­тін орны бо­йынша төленеді.
Ереженің 7-тармағына сәйкес, нақ­ты қыз­меткердің айлық жәрдем­ақы­сы­ның мөл­шері оның орташа күндік жа­ла­­қысын ең­бекке уақытша жа­­­­­рам­­­­сыздық парағына сәйкес тө­ле­ну­ге жататын жұмыс күндерінің са­нына көбейту жолымен айқындалады.
Орташа күндік жалақыны есеп­теу­дің бір­ыңғай тәртібі «Орташа жа­ла­қыны есеп­теудің бірыңғай ере­же­сін бе­кіту ту­ралы» Қазақстан Респу­бли­ка­сы Үкі­ме­тінің 2007 жылғы 29 жел­тоқ­­сан­дағы №1394 қаулысымен ай­қын­далады.
Осы Ережені қолдану бойынша әдіс­­­­темелік ұсынымдар Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтындағы «Нормативтік-құ­қық­тық база» айдарында ор­на­лас­ты­рыл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста