Жақыныңызға сыйлауға болмайтын 10 нәрсені білесіз бе?

Әдетте жақындарыңыздың туған күні немесе төл мерекесі қарсаңында, оларға не сыйлаймыз деп әуреге түсіп жатамыз. Алайда, тарту-таралғылардың арасында адам өміріне қауіп төндіретін сыйлықтар да бар екенін ұмытпаған абзал. NUR.KZ назарларыңызға жаұындарыңызға сыйлауға болмайтын 10 нәрсені ұсынады.

Пышақ, қайшы сынды өткір заттар

Әдетте өткір дүниелер адам өміріне кері әсерін тигізеді деген болжам бар. Сондықтан жақындарыңызға пышақ, қайшы сыйлауға асықпаған жөн.

Сағат

Әлем халықтарында сағатты сыйға тартса, адам өмірі қысқа болады деген сенім бар. Сондай елдің бірі – Қытай. Аспан асты елдің тұрғындары сағат адамның туған күні мен өліміне дейінгі уақытты санайды деп сенеді. Сонымен бірге олар сағатты ет жақыныңызға сыйласаңыз, жақын арада сөзге келіп қалуыңыз мүмкін деп ойлайды.

Ерлі-зайыптылар бір-біріне кітап сыйламағаны дұрыс

Себебі, мұндай сыйлықтан кейін олардың бірі көзге шөп салуы мүмкін екен.

Ыдыс-аяқты жақындарыңызға бос күйде беруге болмайды екен

Бұл – отбасын кедейшілікке әкеледі екен. Ал егер оған тым құрыса бір тиын салсаңыз, бұл керісінше жанұяға дәулет әкелетін көрінеді.

Әмиянды да біреуге сыйға тартпаған абзал

Себебі ол сізді қаржылық тұрақсыздыққа душар етуі мүмкін.

Бет орамалды да жақындарыңызға сыйлауға болмайтын көрінеді

Ол адамға қайғы әкеліп, оның жылауына жол ашып береді деген болжам бар.

Інжу-маржан сынды сый-саяпатты әсіресе қыз-келіншектерге сыйға тартпаған жөн

Себебі мұндай сыйлық жас пен қайғы әкелуі мүмкін екен.

Медициналық құрылғыларды да абайлап сыйға тартқан абзал

Өйткені тарту-таралғының мұндай түрі адамға ауру шақыруы ықтимал.

Жақындарыңызға сондай-ақ ақшаны да сыйға тартпаған жөн

Себебі ондай сыйлық сіздің қалтаңызды қағып, берекеңізді қашыруы мүмкін.

Сыйлық ретінде беруге болмайтын тағы бір зат – айна болып табылады.

Ондай сыйлық үйде түрлі жағдайлардың орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін

Жалпы жақыныңызға сыйлық таңдарда оның талғамы мен сүйікті заттарын бір бағамдап алыңыз. Сондай-ақ шын жүректен сыйланған тарту қашан да адам көңілінен шығатынын естен шығармаңыз. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста