Жапондардың жастық қалпын ұзақ сақтауының сыры неде?

Жапон халқының арасында болып, олармен етене жақын араласа алмасам да әркез олардың жан-дүниесіне, психологиясына үңілумен болдым. Менің аңдағаным – олар дәл біздердей эмоцияға берілмейтін халық екенін байқадым. Көшеде, дүкенде, жұмыста бір-біріне сан мәрте иіліп сәлем беретін олар сәл нәрсеге сөзге келіп ашу шақырып, болмас іске қызылкеңірдек болып салғыласып жатпайды. Тіпті аңдаусызда біреудің жолын кесіп, болмаса қағып кетсең, саған ала көзбен қарап, дүрсе қоя бермейді, өзіңнен иіліп тұрып кешірім сұрайды. 

Шыны керек, бұрын самурай туралы фильмді көп көргендіктен бе, жапондарды қатал және діні қатты халық па деп ойлайтынмын. Алайда бұл елге келіп, көптеген қалаларында болсам да бәрінен табылатын ұқсас­тық – өте кішіпейілділігі және өз эмоцияларын тежей білетіндігі мені қатты толғандырды. 

Олардың осындай ашушаң болмай, жүйке-жүйесі шаршамай өмір сүруінің қоғамдық себебіне де үңілуді жөн көрдім. Бос уақытта ұстаздарымды сөзге тартқанымда олар маған қалжыңға сүйеп жауап берді. «Сендерде коммунистер жетпіс жыл «коммунизм құрамыз» деп соғысып, аштан қырып, сүргінге айдап жүргенде бізде коммунистер билікте болмаса да коммунизмге жақын қоғам орнады», – деп күлді. 

Олардың айтуынша, жапон елінің негізгі бөлігін басында үйі, әрбірінде жеке машинасы бар, өмірі мен тұрмысы толық сақтандырылған орта тап өкілдері құрайды. Асып-тасып жат­қан, шіріген мультимиллионерлер көп емес. Тұрмыс деңгейі негізінен бірдей, «анау неге менен асып барады?», «менде неге мынау жоқ?» деген бәсекелі бақталастық ой адамдарда аз болатындықтан рухани жақтан адамдар өз-өзіне қанағат қылып, өз жанын өзі жемей, бірқалыпты көңіл-күйді ұстап, әркім өз жұмысымен айналысады екен. 

Мені таңқалдырған жері – 130 миллион халықты сыйғызып отырған шағын арал мемлекетінде бүкіл қа­заққа бас ауру болған «үй мәселесі» күйіп тұрған жоқ, тіпті жарнама га­зеттерінен «үй жалдауға аламын» деген жарнаманы әдейілеп іздесем де таба алмадым. Әрине, үлкен қалаға жұмыс пен оқуға келген шетелдік студенттер, қонақтар үй жалдап тұратыны түсінікті жағдай. Бірақ ең төменгі пайызды несиемен берілген үй жапон халқын үй мәселесі деген «бас ауруымен» ешқашан ауырмайтындай қамтамасыз еткен. 

Жапон қыздары мен әйелдері қарапайым, кең-мол тігілген үлгіде киінуді қалайды екен. Жаппай сән қуып, аузынан жырып алып үстіндегі киімін ғана жылтыратқаннан гөрі денсаулығын қорғауға мән беретінін, ашық-шашық жүрмейтінін байқадым. Жапон оқу орнынан біздегідей бұрыш-бұрышта көк түтінді бұрқыратып, қыстың қақаған аязында ашық-шашық тұратын қыздарды көре қо­юың екіталай.

Ұзақ жасаудың түрлі себептері жайлы жетекшілерімнен үнемі сұрап отырдым. Олардың айтуынша, адамның ұзақ жасауына көмек беретін тағы бір үлкен фактор – адам миының барынша қарқынды жұмыс істеуі екен. Ғылым мен шығармашылық, жаңа ізденіспен жүрген адамның ми жасушалары да үздіксіз қозғалыс пен жұмыс күйінде болып, адамның ерте қартаюының, алжуының алдын-алады екен. 

Қазақтың «істетпеген ми сасиды» деген мақалы соған қарап айтылса керек. Жапон халқының үздіксіз үйренуде болатынын, қартайса да үй­ренуді тоқтатпайтынын бізге жапон тілінен сабақ берген 68 жастағы Харада апамнан білгендей болдым. Ол кісі бізге сабақ берумен қатар бізден орыс тілін үйреніп жүрді. 

«Сіз Ресейге бармайсыз ғой, орыс тілін үйренудің не қажеті бар?» – деп сұрағанымда ол кісі: «Бұл маған қызық», – деп қана жауап берді.

Мені таңқалдырғаны – бізге сабақ берген жасы 65-тен асқан мұ­ғалімдердің бәрінде интернетте өз­дерінің жеке блогы бар екен. Ол блогтарында өздері техника саласында өмір бойы қызмет етсе де мәдениет, саясатқа қатысты ойларын, күнделікті өміріндегі жаңалықтарын әр күн са­йын жазып отырады. Бос уақытында өзі қалаған нәрсемен айналысатыны, бостан-босқа күн өткізу деген оларға жат екені, қартайып тұрса да жаңа техникаларды жат көрмей, тіпті ком­пьютердің «құлағында ойнайтыны» мені бейжай қалдырған жоқ. 

Ал бізде қалай екенін көзіқарақты оқырман салыстырып, саралай жатар. Оны бұл жерде тізбелеп жатудың өзі артық дүние. 

Ұзақ та мәнді өмір сүргенге не жетсін! 

Серік МҰРАТХАН.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста