Жануарлар ауа райын болжай ала ма?
Естуімше, көктемнің жақындағанын суырдың іс-әрекетін қадағалау арқылы анық білуге болатын көрінеді. Шынымен де, жан-жануарлар ауа райын болжауға қабілетті ме?
Жазира НҰРБАҚЫТҚЫЗЫ, Жаркент қаласы
Әрине, ауа райын көп жағдайда жан-жануарлардың іс-қимылына, әрекетіне қарап-ақ болжауға болады. Мысалы, қарлығаштың жер бауырлап ұшқанына қарап, жұрттар жаңбыр жауатынын сезеді. Ал қарлығаштың олай ұшатын себебі, атмосфералық қысымның ауысуы салдарынан оның негізгі қорегі – шыбын-шіркейлер биікке көтеріле алмайды. Сондықтан қарлығаш оларды жер бауырлай жүріп аулайды. Сол сияқты жануарлар мен құстардың көпшілігі ауа райынан алдын ала хабар береді. Мысалы, көп жерде «барылдақ торғай наурыздың басында келсе, көктем жылы болады, ал айдың соңында келсе, көктем ұзаққа созылады» деп болжайды.