Грек жаңғағы адам өмiрiн ұзартады деп естiп едiм. Осы қаншалықты рас?
Едiл ӘБДИЕВ, Семей қаласы
Грек жаңғағының құрамында темiр мен тағы басқа микроэлементтер көп болғандықтан, оны қаназдыққа, әлсiздiкке, жүрек-қан тамырлары жүйесiнiң көптеген ауруларына, өкпе туберкулезiне қарсы қолданады. Сондай-ақ жаңғақты бауыры мен өтi қабынған, қант диабетi бар, терi ауруы, темiреткi, қан-жел ауруларымен ауыратындарға және тағамдардағы дәруменнiң аздығына қарай пайдалануға кеңес берiледi. Жаңғақ ағашының жапырақтарын маусым айында жинап алып, күнге кептiредi. Қайнатып, тұнба жасайды, май алады. Жаңғақ ағашының тұнбасы мен қайнатындысын зат алмасуды жақсарту үшiн және дәрумен жетiспегенде әлдену үшiн iшедi. Ағзаның әлсiздiгiне қарсы, мидың атеросклерозына, сондай-ақ мешел ауруына, асқазан мен iшектiң қабынуларына, зат алмасудың бұзылу салдарынан туатын кейбiр терi ауруларына қарсы (созылмалы экзема, буын iсiгi) iшедi. Баспа және қызыл иек болғанда, тамақты шаяды. Тұнбаны дайындау үшiн: 1 ас қасық ұсақталған құрғақ жапырақты (немесе жасыл қабықшаны) 1 стақан қайнаған суға бұқтырып, сүзгiден өткiзу керек. Күнiне 3-4 ас қасықтан iшу қажет. Күйiктi, жарақатты осы жаңғақ майымен майлауға болады.
Жаңғақтың жапырағы да пайдалы
Последние статьи автора