Жаңғақтың ашылып-жабылу сыры неде?
Шырша жаңғағы туралы білгім келеді. Ол ағашта тұрған кезде қай уақытта ашылып, қай уақытта жабылады? Жаңғақтың салмағы қаншаға дейін жетуі мүмкін?
Нәзира Қуанышева, Жамбыл облысы
Өсімдіктанушылардың айтуынша, қылқанжапырақты ағаштардың бүршігі ауа ылғалдылығының өзгеруін жылдам сезіп, соған байланысты құбылып отырады. Ылғалдықты өлшеу кезінде абсолютті дәлдік қажет емес жағдайда шырша жаңғағын гигрометр ретінде қолдануға болады. Бүршік ауа ылғалдылығы мол кезде жабылып, құрғақшылық байқалған кезде тарамдалып ашылады. Шырша-қарағай жаңғақтарының салмағы шамамен 50 грамм болады. Ал Африкадағы қылқанжапырақты ағаштардың жаңғақ бүршіктерінің салмағы 50 келіге дейін жетеді. Шырша-қарағай бүршіктері самауырға жағылатын отын ғана емес, көне дәуірлерде адамдардың азығы да болған. Ежелгі грек аңыздарында ол – құнарлылықтың, өсіп-өнудің нышаны. Бүгінде шырша-қарағай бүршіктері техникалық және парфюмерлік майлар мен медициналық құралдар өндірісінде құнды шикізат ретінде қолданылады.