Жанар-жағармай сапасын бақылау кемшін

Соңғы кездері көлігімнің жанар-жағармайы тез жанып кетеді. Оны көлігімнің ақауынан болуы ықтимал деп техникалық қызмет көрсету орталықтарына да бардым. Бірақ олар ешқандай кінәрат таппады. Бұл арадағы түйткіл жанар-жағармай сапасынан болуы мүмкін бе?
Мейіржан,
Алматы қаласы
Тәжірибе бойынша, жанар-жағармай тапшылығы орын алған мемлекетте спекуляция болу мүмкіндігі өте жоғары. Мұны «ORGANIC мұнай өнімдері сарап­тамасының тәуелсіз орталығы» ЖШС-нің директоры Ақмарал Қалмұра­това да мойындайды.
– Отын тапшылығы орын алғанда, оның сапасы да нашарлай бастайды. Ол рас. Яғни қазір елімізде тапшы жоғары октанды жанар-жағармайдың орынын толтыру үшін суррогаттардың пайда болуы әбден ықтимал. Аттарын айтпай-ақ қоялық, бірақ көптеген жанар-жағармай бекетіндегі өнімді тексерген кезде осындай фактіні тіркедік. Бұл ретте ең оңай тәсіл: АИ-80 маркалы бензинді сатып алып, оған химиялық қоспаларды қосу арқылы жо­ғары октанды жанар-жағармай алу. Әрине, ол тез жанып кетеді, қоршаған ортаны да ластайды, – дейді ол.
Жалпы, заңнама бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өкілдері еліміздегі жанар-жағар­май бекеттерін жылына бір рет тексере алады, онда да прокуратураның санкция­сы болса. Ал Алматы қаласының Техни­калық реттеу және метрология депар­таменті­нің мемлекеттік инспекторы Сауытбек Қапаевтың айтуынша, заң­нама­мыздағы олқылықтың салдарынан отын сапасын бақылап отыру мүм­кін емес. «Мәселен, біз заңға сәй­кес қандай да бір жанар-жағармай беке­тіне «бәленбай күні отын сапасы мен есеп құралын тексеруге келеміз» деп хат жолдауымыз керек. Әрине, мұн­дай жағдайда сапа­сыз жанар-жағар­май саудалап жүрген бекеттің өзі сол күні бәрін мықтап түзеп қояды ғой», – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста