Жаңа үлгідегі жеке куәліктің мерзімі қанша?
Жеке куәлікті 25 және 45 жасқа толғанда ауыстыру тоқтатылды деп естідім, сол рас па? Рас болса, енді жеке куәлік қай жаста ауыстырылатын болды?
Ернат ЕРМҰРАТОВ, Алматы облысы
ҚР азаматының жеке куәлігін ауыстыру үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша, Халыққа қызмет көрсету орталығына төмендегідей құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
— Жеке куәлік (түпнұсқа);
— Үй кітапшасы немесе мекенжай бюросынан анықтама;
— Фотосурет, 2 дана (3,5х4,5).
— Баж салығының түбіртегі (245,6 теңге).
Қосымша айта кетер жайт— Үкіметтің 27 тамыз 2009 жылғы № 1260 «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына байланысты, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінен бастап жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады және мерзімі он жыл деп бекітілді. Осы қаулыға орай, жеке куәлікті 25 және 45 жаста ауыстыру тоқтатылды.