Жаңа туған балаға анықтама қажет пе?
Мен жаңа туған балама Халыққа қызмет көрсету орталығынан туу туралы куәлік алдым. Сол жерде баламды тіркеуге отырғызайын деп ойлағам. Бірақ ХҚКО мамандары маған анықтама бюросынан «бала ешқайда тіркелмеген» деген анықтама әкелуімді талап етті. ХҚКО мамандарының осы іс-әрекеті заңды ма? Саягүл АСЫЛХАН, Астана қаласы
Әділет министрлігінің сарапшы мамандарының айтуына қарағанда, Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің мекенжай бюросынан жаңа туған балаға тіркелгені немесе тіркелмегені туралы анықтама талап етуі заңсыз. Бұл – Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өз ісін жіті білмегендігі.
Әділет министрлігі мамандары осыған байланысты, қажетті шара қолдану үшін сізден сондай құжат талап еткен Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері туралы толық мәлімет беруіңізді сұрайды.