Жамбыл жерінің табиғат байлығы мол
Жамбыл облысында өсімдіктер мен жануарлардың қанша түрі тіршілік етеді. Бұл аумақта арнайы табиғи қорықтар бар ма?
Гүлдана, Шу қаласы
Бұл облыс табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлілігімен ерекше. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Олардың ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрі, таулы алқаптарда алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері, құмды далада селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы секілді жүздеген өсімдіктер кездеседі. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. Олар: арқар, құлан, жайран, елік, қабан, қоян, қырғауыл, құрлар, үнді жайрасы, жұмақ шыбыншы, т.б.