Жаман кiтап екi есе зиян
Менiң баламның бастауыш сыныптарда оқып жүргенде оқу үлгерiмi жақсы болатын. Алайда сыныптан сыныпқа көшкен сайын сабағы нашарлап барады. Себебiн түсiндiрiп берсеңiздер.
Күлән БЕРСIНБЕКОВА, Алматы облысы
М.ШАХАНОВА, логопед:
– Оқудың ұзақ уақытқа созылуы маңызды емес, керiсiнше оқу материалын бiрнеше бөлiмге бөлiп, тек жаттығу ретiнде оқу керек, адамның есiнде қысқаша фрагменттер қалады. Балаға оқу шапшаңдығын көтеруге көмек көрсетемiн десеңiз, оқу материалын үш-төрт бөлiмге бөлiп тастап, әр бөлiмдi 5 минуттан оқытыңыз.
Егер баланың кiтап оқуға қызығушылығы болмаса, оған екi-үш сөйлем оқыған соң, қысқаша демалдырып, оқыған сөйлемдерге сұрақ қойып, мазмұнын қайталатып отырыңыз. Не болмаса, бiр сөйлемдi – бала оқыса, екiншi сөйлемдi – сiз оқыңыз.
Балаңызбен жақсы кiтап оқуға тырысыңыз. Белгiлi балалар ақыны С.Маршак «Жаман кiтап зиян және екi есе зиян» деп айтқан.
Әр оқыған мәтiннiң мазмұнын талдап отырыңыз, ол баланың сөз қорының дамуына көмектеседi және сiз балаңыздың түсiнгенiн қадағалап отырасыз.